Облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының хабарлауынша, өңір бойынша тек екі тұрғын үй кешені үлескерлердің қаражатын тартуға құқылы. Атап айтқанда, «Жаным» және «Sparkle Diamond» тұрғын үй кешендері.
Бүгінгі таңда төрт тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарына қажетті құжаттары толық емес. Сондықтан оның ішіндегі үш кешеннің құрылысы тоқтатылды. Тағы екі тұрғын үйде жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқулар анықталды.
Айта кетейік, салынып жатқан тұрғын үйден пәтер сатып алуды жоспарлаған болсаңыз «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ (homeportal.kz) сайтынан үлескерлік ақшаны тартуға қажетті рұқсаттың бар-жоғын тексере аласыз.