Бүгінде елде тұратын азаматтығы жоқ адамдарды анықтау және құжат беру бойынша арнайы акция өткізіліп жатыр. Соның аясында ШҚО Полиция департаменті көші-қон қызметінің мамандары 3 адамға көмек қолын созған. Солардың бірі — талай жылдар бойы Өскеменде тұрып келе жатқан Павлодар облысының тумасы.
— 20 жылдан астам уақыт бойы ер адам еш құжатсыз жүрген. Соның салдарынан түрлі қиындықтарға тап болған. Бұған денсаулық жағдай себеп болды. Алайда барлық қажетті анықтамаларды жинауға көмектескен полицейлердің арқасында ол көптен күткен жеке куәлігін алды, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Енді ер адам медициналық көмек алып, ресми жұмысқа тұра алады. Бұл жаңа өмірге алғашқы қадам.
— Құрметті облыс тұрғындары! Егер сізде 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты, тек туу туралы куәлігі болса немесе жеке басын куәландыратын құжаттарыңыз болмаса, Өскемен қаласы Шәкәрім даңғылында орналасқан ПД Көші-қон басқармасына жүгінуіңізді сұраймыз, — деп ескертті тәртіп сақшылары.