в

Алакөл жағасында жаз басталғалы 300-ден астам құқықбұзушылық тіркелді

Мақаншы ауданындағы Алакөл жағалауында полиция қызметкерлері маусым айынан бері күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.  Шомылу маусымы бастала салысымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, тазалыққа және демалушыларға қолайлы жағдай жасауға басымдық берілген.

— Полицейлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тұрақты түрде рейдтерге шығып келеді. Ондағы мақсат – құқықбұзушылықтың алдын алу, рұқсат етілмеген саудаға және жағалауды ластауға тосқауыл қою. Жаз басталғалы бері 300-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Соның ішінде ең жиі кездесетіні — қоғамдық орындарды ластау деректері (141), — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар тыйым салынған аумақтарда мал жайған — 74, белгіленбеген жерлерде сауда жасаған — 22, аумақты абаттандыру ережелерін бұзған — 15 адам анықталды. Бұдан бөлек, 13 жүргізуші алкогольді ішімдік ішіп көлік басқарса, 7 адам құжатсыз көлік тізгіндеген.

Шығыс Қазақстанда 17 мыңнан астам адамға үй салуға жер берілді

Казахстан усиливает интернационализацию системы технического и профессионального образования