в

Өскеменде екі ер адам жер үйден 28 млн теңге мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына хабарласқан азамат үйін белгісіз біреулердің тонап кеткенін жеткізген. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктілерді «ізін суытпай» ұстады.

Анықталғандай, күдіктілердің бірі бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Тінту кезінде ұрланған 28 млн теңге ақша мен зергерлік бұйымдар табылды. Оған қоса күдіктілерден 1 келіге жуық гашиш тәркіленген.

«Күдіктілер жәбірленушінің үйінде ақша бар екенін білген. Оны аңдып жүріп, ұрлыққа мұқият дайындалған. Үйден кеткенін күтіп, қоршаудан секіріп өткен. Терезе арқылы ішке кіріп, сейфтан ақша мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен», — делінген ақпаратта.

Екі күдіктіге қатысты ұрлық және есірткіні заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасуда.

Осы ретте, ШҚО Полиция департаменті өңір тұрғындарын терезелерге тор мен дабыл орнатып, сенімді құлыптар салдыруға шақырды.

Казахстанцы начали получать бесплатные лекарства через электронный сервис «Социальный кошелек»

Семь бесхозяйных гидротехнических сооружений приняты в госсобственность в 2024 году