в

Шығыс Қазақстан облысында туберкулезбен ауырғандар саны 3,6 пайыз артып отыр

Өңір бойынша туберкулезге шалдыққандар көбейген. Нақты айтқанда, 225 адам ауырып, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өсіп отыр.

Өскемен қаласында және Алтай, Самар, Глубокое, Күршім аудандарында ауырғандар санының көбейгені байқалады. Сондай-ақ облыста балалар арасындағы аурушаңдық та 1,3 есе өсіп кетті. Биыл 12 бала ауырса, былтыр 9 бала бұл сырқатқа шалдыққан болатын.

Ал 0 мен 14 жас аралығындағы балалар арасында ауырғандар саны – 7. Оның алтауы Өскемен қаласында, біреуі Ұлан ауданында тіркелген.

ДГД по ВКО предупреждает о мошенниках, звонящих от имени органов государственных доходов

Проезд по мосту через Бухтарминское водохранилище будет бесплатным