ШҚО-да егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шығыс Қазақстан облысында биылғы егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Диқандар 500 мың гектардан астам алқаптан дәнді және майлы дақылдарды жинап, мол өнімге қол жеткізді. Қазіргі таңда негізгі жұмыстардың басым бөлігі орындалған.

Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары 611,1 мың гектар алқапта жүргізілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5 мың гектарға артық. Оның ішінде 248,2 мың гектарға дәнді және бұршақ дақылдары, 255,4 мың гектарға майлы дақылдар егілген. Ал күнбағыс алқабы 237,5 мың гектарды құрайды.

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел мәліметтеріне сәйкес, дәнді және бұршақ дақылдарының 246 мың гектары немесе жоспардың 99,1 пайызы жиналды. Әр гектардан орта есеппен 17,4 центнер өнім алынып, қамбаға 428,7 мың тонна астық құйылды.

Бидай жинау жұмыстары да мәреге жақын. Қазіргі уақытта 151,5 мың гектар алқаптың өнімі жиналып, жоспар 98,5 пайызға орындалды. Орташа өнімділік гектарына 16,3 центнерді құрап, жалпы 246,7 мың тонна бидай бастырылды.

«Майлы дақылдар бойынша да жақсы көрсеткіш қалыптасып отыр. Жоспарланған 255,4 мың гектардың 251,7 мың гектары жиналды. Бұл — жалпы алқаптың 98,6 пайызы. Орташа өнімділік гектарына 19,3 центнер болып, әзірге 485,2 мың тонна өнім алынды. Биылғы науқанның басты ерекшелігі — егіс алқаптарының ұлғаюы және негізгі дақылдар бойынша жоғары жинау қарқыны. Қазір диқандар қалған алқаптардағы жұмыстарды аяқтап, күзгі науқанды қорытындылауға кірісті», — деп хабарлады басқармадан.

Новые статьи

Казахстан присоединяется к международной конвенции о перевозке грузов автотранспортом

Курултай принял в двух чтениях закон о ратификации Конвенции о договоре международной дорожной перевозки грузов (КДПГ). Документ устанавливает единые правила заключения и исполнения договоров...

В ВКО за неделю выявили 975 нарушений правил дорожного движения

С 3 по 9 ноября сотрудники полиции Восточно-Казахстанской области зарегистрировали 975 нарушений ПДД. Чаще всего водители игнорировали ремни безопасности и нарушали правила маневрирования. За неделю...

В ВКО разыскивают родственников летчика погибшего в 1942 году

Родственников советского летчика, который погиб во время ВОВ в 1942 году разыскивают в Восточном Казахстане. В Волгоградской области в ходе поисковых работ были обнаружены фрагменты...

В Казахстане изменили порядок получения марок для торговли осетровой икрой

В Казахстане уточнили процедуру получения марок для маркировки икры осетровых рыб. Теперь заявления на их выдачу принимают исключительно через портал «Е-лицензирование». Документы необходимо направлять в...