Алакөл жағалауында шетелдіктерге арналған казино ашылмақ

Абай облысындағы Алакөл жағалауынан казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға арналған аумақтың шекарасын белгілеу жоспарланып отыр. Оған тек шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және ойын бизнесі мекемелерінің қызметкерлері ғана кіре алады.

Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Құжатта аталған бастаманың Қазақстан заңнамасына сәйкес ойын бизнесі нысандарын орналастырудың құқықтық негіздерін нақтылауға бағытталғаны айтылған.

— Жобаны қабылдау Абай облысындағы Алакөл жағалауында тек шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, ойын бизнесі мекемелерінің қызметкерлері және қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ойын мекемесінде жүрген өзге де тұлғалар кіре алатын казино мен ойын автоматтары залдарын орналастырудың құқықтық негіздерін нақтылауға мүмкіндік береді, — делінген құжат жобасында.

Жобаны іске асыру туристік инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді арттыруға ықпал етуі мүмкін деп күтіліп отыр. Сонымен қатар мұндай нысандарды орналастыру кезінде экология және қоғамдық тәртіп салаларын қоса алғанда, заңнама талаптары сақталуы тиіс.

Құжатты Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы әзірлеген. Қаулы жобасы 2026 жылғы 19 қазанда дайындалған. Қоғамдық талқылау 4 қарашаға дейін жалғасады.

Новые статьи

Доля молодежи NEET в Казахстане снизилась до 5,7%

В Казахстане сокращается число молодых людей, которые не работают и не учатся. Во втором квартале 2026 года к категории NEET относились 312,1 тыс. граждан...

На побережье Алаколя в области Абай планируют разрешить работу казино для иностранцев

На побережье озера Алаколь в области Абай предлагают выделить территорию для размещения казино и залов игровых автоматов. Соответствующий проект постановления опубликован для общественного обсуждения...

В Казахстане определили задачи Национального центра по управлению отходами

Национальный центр по управлению отходами будет отвечать за цифровой учет отходов в Казахстане, ведение государственного кадастра и анализ данных об их образовании и переработке....

В Казахстане выявили более 2700 незаконных свалок

За девять месяцев 2026 года территориальные департаменты экологии провели 1145 проверок и выявили 3202 нарушения природоохранного законодательства. По их итогам наложили 3020 административных штрафов...