ШҚО-дағы Өрел ауылы «Үздік ауыл» республикалық жобасында өңір намысын қорғап жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Өрел ауылы «Ауыл» телеарнасы ұйымдастырған республикалық «Үздік ауыл» жобасына қатысуда. Енді ауылдастардың, аудан тұрғындары мен барша шығысқазақстандықтардың қолдауы Өрелдің келесі кезеңге өтуіне ықпал етпек.

Жоба ауылдардың әлеуетін танытып, олардың жетістіктерін көпшілікке көрсетуге мүмкіндік береді. Дауыс беру екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең 2026 жылғы 12-18 қазан аралығында Instagram желісіндегі @auyltv.kz парақшасында ұйымдастырылады. Екінші кезең 19-25 қазан күндері YouTube желісіндегі @auyltvkz арнасы арқылы өтеді. Ал жобаның финалы 31 қазанға жоспарланған.

Байқау ережесіне сәйкес, финалға өтетін екі ауылдың нәтижесі қаралым, лүпіл және пікір саны негізінде қалыптасатын ұпайлар арқылы анықталады. Сондықтан Өрел туралы жарияланған сюжетті көріп, оған қолдау білдіру және материалды кеңінен тарату — ауылдың мүмкіндігін арттырудың маңызды жолы.

Осыған орай облыс тұрғындарын Өрел ауылы туралы сюжетті әлеуметтік желілерде бөлісуге, ортақ чаттарға таратуға және дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз. Өрел — Шығыс Қазақстан ауылдарының әлеуетін танытуға мүмкіндік алған елді мекендердің бірі. Бұл жоба ауылдың жетістіктерін кеңінен насихаттап қана қоймай, туған жерге деген жанашырлық пен өңірлік бірлікті нығайтуға да ықпал етеді.

Новые статьи

Доходы госбюджета Казахстана превысили 20 трлн тенге за девять месяцев

За январь–сентябрь 2026 года доходы государственного бюджета без учета трансфертов составили 20,2 трлн тенге. Это на 16,3%, или на 2,8 трлн тенге, больше, чем...

Экспорт Казахстана вырос на 25,4% и достиг $55,3 млрд

За первое полугодие 2026 года экспорт товаров и услуг Казахстана увеличился на 25,4% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Об этом на заседании...

Число субъектов бизнеса в Казахстане выросло на 32,5%

К сентябрю 2026 года общее количество субъектов бизнеса в стране достигло 3,2 млн с учетом самозанятых. Такие данные привел вице-премьер – министр национальной экономики...

В Казахстане обновили стандарт помощи пациентам с заболеваниями почек

Новый стандарт предусматривает единый маршрут пациента от первичной диагностики до специализированного лечения, диализа и трансплантации почки по медицинским показаниям. Документ направлен на раннее выявление...