«Торпедо» Қазақстан кубогын Өскеменге алып келді

«Торпедо» хоккей клубы Қазақстан кубогымен Өскеменге оралды. Команда турнирдің бас жүлдесін Қарағандының «Сарыарқа» клубын 8:2 есебімен ойсырата жеңгеннен кейін иеленді.

Кеше облыс орталығының тұрғындары ойын барысын мұқият бақылап, командаға жанкүйер болып, соғылған шайбаларды санады.

Бүгін чемпиондарды Өскемен әуежайында қарсы алды. Хоккейшілерді құттықтауға олардың туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері келді. Ойыншыларды гүл шоқтарымен, құшақ жая және көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Ал салтанатты шараның басты нышаны, әрине, енді туған қаласына жеткен Қазақстан кубогы болды.

Мерекелік шаралар мұнымен аяқталмайды. Осы жексенбіде Спорт сарайында «Торпедо» ойыншыларымен кездесу өтеді. Жанкүйерлер хоккейшілерді жеке құттықтап, команда мүшелерімен тілдесіп, турнирдің бас жүлдесімен суретке түсе алады.

Өскемен еліміздің басты хоккей қалаларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Өскемен жанкүйер бола біледі.
«Торпедо» жеңіске жете біледі.
Кубок өз үйінде!

Новые статьи

В Казахстане введут автоматизированный учет медицинских допусков водителей

В Казахстане планируют автоматизировать учет медицинских заключений, необходимых для управления транспортными средствами. Министерство здравоохранения подготовило проект приказа, который определяет единый порядок регистрации и обновления...

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....