Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстанда дипфейктер тарай бастады

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы қарсаңында қазақстандық әлеуметтік желілерде мемлекеттік және саяси қайраткерлер бейнеленген жалған видеолар пайда бола бастады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Дезинформацияға қарсы күрес орталығы мұндай жазбалардың жасанды интеллект көмегімен жасалатынын ескертті.

Жалған видеоларда мемлекеттік лауазымды тұлғаларға, саяси қайраткерлерге, оның ішінде депутаттық өкілеттігін тоқтатқан азаматтарға шын мәнінде айтпаған сөздер телінеді. Қазіргі технология адамның түрін, дауысын және сөйлеу мәнерін қолдан жасауға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, мұндай видеолар бір қарағанда шынайы көрінеді.

Орталық мамандары дипфейктер бұрыннан белгілі ақпараттық ықпал ету тәсілінің жаңа құралына айналғанын атап өтті. Бұған дейін сайлауға нұқсан келтіру үшін жалған құжаттар, өтірік дәйексөздер, қолдан жасалған аудиожазбалар және кандидаттардың атынан жарияланған материалдар пайдаланылған. Енді бұл тізімге жасанды интеллект те қосылды.

Мұндай материалдардың мақсаты – сайлау процесіне қатысушыларға деген сенімге селкеу түсіріп, саяси рәсімдердің заңдылығына күмән туғызу. Әлеуметтік желілерде жалған видеолар көбейген сайын қолданушыларға шынайы сөз сөйлеуді нейрожелі құрастырған жазбадан ажырату қиындай түседі.

Көбіне мұндай жазбаларды анонимді аккаунттар жариялайды. Видеоға оны басқа қолданушыларға шұғыл таратуды сұрайтын эмоциялық үндеулер қоса беріледі. Алайда сөз сөйлеудің түпнұсқа жазбасы болмайды, ал ролик саяси партиялардың, кандидаттардың ресми парақшаларында немесе тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбайды.

Дезинформацияға қарсы күрес орталығы қоғамда қызу талқы тудырған кез келген видеоға сын көзбен қарауға, оның қайдан шыққанын тексеруге және ондағы ақпаратты ресми дереккөздермен салыстыруға кеңес береді. Өйткені жасанды интеллект дәуірінде таныс жүз бен сенімді дауыс жазбаның шынайы екенін дәлелдей алмайды.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...