Қазақстан импортқа тәуелділігін азайтып, отандық өндірісті ұлғайтты – ҰТО зерттеуі

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі жоғары технологиялық өндірістердің үлесі 20,7%-дан 27,6%-ға дейін өсті. Сонымен қатар отандық өндірістің өсу қарқыны жеделдеп, импорт өсімі айтарлықтай баяулаған.

NU жанындағы Ұлттық талдау орталығы Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің 2021–2025 жылдардағы даму динамикасына шолу ұсынды. Зерттеу нәтижелері «Өндірістен сұранысқа дейін: отандық өңдеудің өсуі» атты лекторийде талқыланды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшылығы қатысты.

ҰТО бағалауынша, бес жыл ішінде өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларындағы өндірістің орташа жылдық өсімі долларлық мәнде 11,2%-ды құрады. 2025 жылға қарай жылдық өсім 12,1%-ға дейін жеделдеді.

Сарапшылар өңдеу өнеркәсібінің құрылымы әртараптандырылып, технологиялық деңгейі артып келе жатқанын атап өтті. Яғни ел біртіндеп күрделі өнімдерді көбірек өндіре бастаған.

Сонымен бірге импорттың өсу қарқыны төмендеді. 2021–2023 жылдары оның орташа жылдық көрсеткіші 23,9%-ды құраса, 2023–2025 жылдары 2,9%-ға дейін түсті.

Зерттеу үшін сарапшылар машина жасау, металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп және басқа да салалардағы импортталатын тауарлардың тоғыз негізгі тобын іріктеді. Бұл топтар өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің шамамен 88%-ын қамтиды.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков саланың дамуын тек шығарылған өнім көлемімен өлшеуге болмайтынын айтты.

– Өңдеу өнеркәсібін дамыту – өндіріс көлемін арттыру ғана емес, сонымен қатар технологиялық әрі бәсекеге қабілетті экономикаға көшу. Мемлекеттік саясат отандық өндірушілерді қолдауға, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға, терең өңдеу ауқымын кеңейтуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға жағдай жасауға бағытталған, – деді Олжас Сапарбеков.

Лекторийге қатысушылардың пікірінше, өңдеу өнеркәсібінің өсуі ішкі өндірістік базаның кеңейіп, импортқа тәуелділіктің азайып және Қазақстанның шикізаттық емес экспорттық әлеуетінің нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...