Оқиға Абай және Шәкәрім даңғылдарының қиылысындағы қоғамдық көлік аялдамасында болған.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, таңғы сағат 06:45-те №16 жедел медициналық жәрдем бригадасынан «102» арнасына автобус аялдамасында тіршілік белгілері жоқ ер адамның табылғаны туралы хабарлама түскен.
— Анықталғандай, марқұм 66 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрек ауруы себеп болған. Ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмған, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

