ШҚО-да су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 7 адам жауапқа тартылды

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегеновтің айтуынша, облыста жаппай демалуға арналған 23 учаске бар.
— Өзен-көлдердің түбін тексеру бойынша сүңгуірлік жұмыстарды жүргізуге 18 өтінім келіп түсті. Тексеру нәтижелері бойынша 10 демалыс орны су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды. Бүгінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс акваторияларында 5 құтқару бөлімшесі жұмыс істейді. Жағажайларға барлығы 170 тыйым салу белгісі орнатылды, — дейді ол.
Шомылу маусымы басталғалы бері Шығыс Қазақстанда 2 адам суға батып кетті. Су айдындарында қауіпсіздік шараларын бұзған 7 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы ретте, құтқарушылар демалушыларды шомылу үшін тек жабдықталған орындарды таңдауға, су айдындарындағы тыйым салу белгілерін назардан тыс қалдырмауға шақырды.

Новые статьи

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...