ШҚО-да үздік дәрігерлер марапатталды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында Медицина қызметкері күніне орай салтанатты шара өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

«Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер күн сайын адам өмірі үшін күресіп, ұлт саулығын жақсартуға өлшеусіз үлес қосып келесіздер.  Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлерді барынша қолдау — мемлекеттің маңызды міндетінің бірі екенін атап өткен болатын. Осы бағытта өңірде де кешенді әрі жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді», — деді облыс әкімі.

2025 жылы Шығыс Қазақстан ауылдарына жұмысқа келген 37 маманға 8,5 млн теңгеден біржолғы төлем берілді. Сондай-ақ моноқалаларға жіберілетін медицина қызметкерлерін қолдаудың қосымша шаралары әзірленді. Соған сәйкес дәрігерлерге 5 млн теңге, ал орта буын медицина қызметкерлеріне 1 млн теңге көлемінде біржолғы төлем беру жоспарланып отыр.

«Кадрлардың біліктілігін арттыру маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Өткен жылы 72 маман шетелдердің жетекші клиникалары мен білім беру орталықтарында өз біліктіліктерін жетілдірді.
Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары да жүйелі түрде жалғасып жатыр. Өңірде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 36 нысан салынды. Қасым Қайсенов кенті мен Ахмер ауылында жаңа медициналық нысандар пайдалануға берілді», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жедел жәрдем стансалары үшін 40-қа жуық санитарлық автокөлік сатып алынған. Компьютерлік томографтар, ангиографиялық жүйелер, маммографтар және эндоскопиялық жабдықтарды қоса алғанда, 480-нен астам медициналық техника алынды.
Қазіргі уақытта Гематология орталығын, жаңа көпбейінді облыстық аурухананы салу, онкология орталығын жаңғырту және Ана мен бала орталығын реконструкциялау жобалары жүзеге асырылуда.

Одан соң марапаттау рәсімі басталды. Отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен Көпсалалы онкология және хирургия орталығының маммология және онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Серік Мұхамеджанов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен облыстық мамандандырылған медицина орталығының хирург дәрігері Еркін Шериязданов марапатталды. Сондай-ақ бірнеше медицина қызметкері мен сала ардагерлеріне Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамотасы мен ШҚО әкімінің Алғыс хаты берілді. Мерекеге орай әсем әндер шырқалып, адам өмірін ажалдан арашалап қалған ақ халаттыларға арналған бейнесюжет көрсетілді. Шара соңында медицина қызметкерлері үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ықылас гүлі ұсынылды.

Новые статьи

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...