ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Қытайда жүр

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған өңір делегациясы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай қаласына барды. Жұмыс сапары Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Чэнь Сяоцзянмен кездесуден басталды.

— Өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғандарыңызды жоғары бағалаймыз. Шығыс Қазақстан дәстүрлі түрде елдеріміз арасындағы маңызды байланыстырушы көпір қызметін атқарып келеді. Осыған орай ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар бастама ұсынамыз. Ең алдымен, бірегей табиғаты бар Марқакөл мен Қанас көлдерін өзара байланыстыратын трансшекаралық туристік өткел ашу мәселесін пысықтауды әлеуеті зор бағыт деп санаймыз. Бұл жобаны іске асыру жаңа халықаралық туристік маршрут қалыптастыруға және шекара маңындағы аумақтардың туристік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сонымен қатар іскерлік және гуманитарлық байланыстарды дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – Өскемен-Үрімжі-Өскемен бағыты бойынша тікелей әуе рейсінің ашылуы болмақ.

Чэнь Сяоцзян өз сөзінде екі ел арасындағы қарым-қатынастың жыл өткен сайын қарқынды дамып келе жатқанын және ортақ жобаларды бірлесе іске асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымы 1,2 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға жоғары. Қытай өңірдің жалпы сыртқы сауда айналымындағы ең ірі серіктестерінің бірі.

Өткен жылы облыстың Қытайға экспорт көлемі 963,3 млн АҚШ долларын құрап, 20 пайызға өсті. Ал импорт көлемі 251,1 млн АҚШ долларына жетіп, 13 пайызға артқан. Нәтижесінде өңірдің сауда балансы оң көрсеткішке ие болып, 710 млн АҚШ долларынан асып отыр. Қытайға экспортталатын өнімдердің басым бөлігін металл және металл бұйымдары құрайды. Оның үлесі жалпы экспорттың 78 пайызына тең.

Айта кетейік, облыс делегациясы ертең «Үлкен Алтай – 2026» халықаралық өңірлік ынтымақтастық конференциясына қатысады. Өңір делегациясының құрамында басқарма басшылары, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, түрлі кәсіпорын басшылары және жеке кәсіпкерлер бар.

Новые статьи

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...