ШҚО-да 90 млн теңге көлеміндегі заңсыз мемлекеттік сатып алулардың өткізілілуіне тосқауыл қойылды

Ұлан ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы органдардың заң бұзушылықтарын анықтады.

Анықталғандай, 5 ауылдық округтің әкімдіктері 2026 жылға арналған сатып алу жоспарларына 44 млн теңге сомасына балалар және спорт алаңдарын абаттандыру жобаларын енгізген. Мұндағы жұмыстар «ағымдағы жөндеу» ретінде көрсетілген.

— Сметалық құжаттаманы зерделеу барысында іс жүзінде жаңа құрылыс жоспарланғаны белгілі болды, нақты айтқанда негіздерді дайындау, бетон төсемдерін төсеу және жаңа ойын кешендерін монтаждау көзделген. Заңға сәйкес, мұндай жұмыстар үшін міндетті түрде жобалау-сметалық құжаттама болуы және мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс, алайда бұл талаптар орындалмаған, — деп хабарлады ШҚО прокуратурасынан.

Басқа жағдайда лоттарды жасанды түрде бөлу дерегі анықталды. Әкімдік шекті мәннен аспау үшін тапсырыстарды бөліктерге бөлген. Негізсіз бөлінген лоттардың жалпы сомасы 45,1 млн теңгені құрады.

• Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, құжаттама заңға сәйкес келтірілгенге дейін бұл жобалардың барлығы сатып алу жоспарларынан алынып тасталды. Нәтижесінде жалпы сомасы 90 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

Касым-Жомарт Токаев подвел обозначил приоритеты развития Казахстана накануне Дня Республики и 35-летия Независимости

В Казахстане накануне Дня Республики прошло торжественное мероприятие, в ходе которого президент Касым-Жомарт Токаев напомнил о ключевых этапах становления государственности, рассказал об экономических и...

В Казахстане введут автоматизированный учет медицинских допусков водителей

В Казахстане планируют автоматизировать учет медицинских заключений, необходимых для управления транспортными средствами. Министерство здравоохранения подготовило проект приказа, который определяет единый порядок регистрации и обновления...

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...