Облыс орталығында өрт сөндірушілер мектептегі өртті жедел ауыздықтады.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Әміре Қашаубаев көшесінде орналасқан орта мектептің қабылдау бөлмесінде от шыққан.
— Өрт сөндірушілер жеткен сәтте жиһаз жанып жатты. Құтқарушылар 20 шаршы метр аумаққа жайылған қызыл жалынды жедел сөндірді, — делінген ақпаратта.
Педагогтар мен оқушылар мектеп ғимаратынан өздігінен эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

