Осинов асуын айналып өтетін жаңа жол биыл пайдалануға берілмек

Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуын айналып өтетін жол жобасын енді Бұқтырма су қоймасындағы еліміздегі ең ұзын көпірді салған «ОблШығысЖол» ЖШС аяқтайды.

Жоба аясында Пихтовка шатқалы арқылы өтетін Қазақстандағы ең биік таулы көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл жоба өңірдегі ең күрделі әрі ұзаққа созылған жол құрылыстарының біріне айналған. Осинов асуын айналып өтетін жаңа жол Алтай, Үлкен Нарын, Катонқарағай аудандары тұрғындары мен Рахман қайнарына баратын туристер үшін маңызды бағыт болмақ.

Жаңа трасса жолды шамамен төрт шақырымға қысқартып, қозғалыс қауіпсіздігін арттырады. Қазіргі жолда қыс мезгілінде қар көшкіні мен боран салдарынан шектеулер жиі енгізіледі.

Бұған дейін құрылысты жүргізген «Kurylys Group RK» компаниясымен келісімшарт мерзімнің кешігуіне байланысты бұзылған. «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, мердігер жұмыс кестесін бірнеше рет бұзып, жобаны аяқтау мерзімін сақтамады. Кейін компания мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіміне енгізілді.

— Қазіргі таңда жаңа мердігер құрылыс алаңына техника мен мамандарды толық жұмылдырған. Көпір маңында бетон зауыты орнатылып, бетон жұмыстарының жартысына жуығы аяқталған. Негізгі жұмыстарды тамыз айының соңына дейін бітіру жоспарланып отыр, — дейді «ҚазАвтоЖол» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұрбек Темірханов.

Мамандардың айтуынша, нысандағы әр кезең сапа бақылауынан өтеді. Зертханалық тексерулер тұрақты жүргізіліп, анықталған кемшіліктер мердігер есебінен түзетіледі.

Егер құрылыс кестеге сай жүрсе, Осинов асуын айналып өтетін жаңа жол биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Новые статьи

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...