ШҚО әкімі Қазақстан-Түркия бизнес форумы аясында бірқатар жұмыс кездесуін өткізді

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын. Бүгін екі ел басшыларының қатысуымен Қазақстан-Түркия бизнес форумы өтті. Форум барысында мемлекеттердің бірлесе іске асырып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтылды. Соның нәтижесінде елімізге 920 млн доллардан астам инвестиция тартылып, 3100-ден аса жұмыс орны ашылмақ.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов аталған бизнес форум аясында бірқатар жұмыс кездесуін өткізді. Соның барысында өнеркәсіп саласында нақты келісімдерге қол жеткізілді.

Ақорданың баспасөз қызметінің дерегінше, Қазақстан мен Түркияның мәдени-гуманитарлық байланыстары жылдан жылға күшейіп келе жатыр. Атап айтқанда, 2023 жылы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясында Қазақстан бастамасымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды.

Астанада және Алматыда «Маариф» қорының мектептерін ашу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстанның бірқатар аймағында туризм саласына маманданған түрік компаниялары табысты жұмыс істеп жатыр.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...