ШҚО-да жыл басынан бері жер үй салу үшін 10 сотық жерді 47 адам алды

Мемлекеттен жеке тұрғын үй салу мақсатында берілетін 10 сотық жер бойынша облыстағы ахуалды ШҚО Жер қатынастары басқармасынан мәлім етті.

— 2025-2026 жылдар кезеңінде облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін 420 жер учаскесі, оның ішінде 2025 жылы – 373 жер учаскесі, 2026 жылдың бірінші тоқсанында – 47 жер учаскесі берілді. Жалпы 2022 жылы электронды кезек басталғалы бері Шығыс Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысы үшін 1897 жер учаскесі берілген, — дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Оксана Фирсова.

Бүгінде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекте 55 401 өтініш тұр.

— Бұл берілген өтініштердің ғана саны. Өйткені бір адамнан бір елді мекенге де, бірнеше елді мекенге де бірнеше өтініш түсуі мүмкін. Жер үй құрылысы үшін жер учаскелері негізінен облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, атап айтқанда Өскемен, Риддер, Алтай, Зайсан және Шемонаиха қалаларында беріледі, — деді Оксана Фирсова.

Құрылыс мақсаты үшін жер учаскелерін беру рәсімі облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында толық автоматтандырылған, қалған елді мекендерде беру рәсімі ішінара автоматтандырылған.

— Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда ғана жол беріледі. Ал орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана рұқсат. Азаматтардың өтініштері бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес жер тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады, — деді ШҚО Жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Новые статьи

Касым-Жомарт Токаев подвел обозначил приоритеты развития Казахстана накануне Дня Республики и 35-летия Независимости

В Казахстане накануне Дня Республики прошло торжественное мероприятие, в ходе которого президент Касым-Жомарт Токаев напомнил о ключевых этапах становления государственности, рассказал об экономических и...

В Казахстане введут автоматизированный учет медицинских допусков водителей

В Казахстане планируют автоматизировать учет медицинских заключений, необходимых для управления транспортными средствами. Министерство здравоохранения подготовило проект приказа, который определяет единый порядок регистрации и обновления...

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...