ШҚО-да онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 7,9 пайызға төмендеді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас онкологы Гүлмира Сагидуллина мәлімдеді.

Оның айтуынша, өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 103,3-тен 95,1-ге дейін төмендеп, 7,9%-ға азайған. Сонымен қатар ерте диагностиканың үлесі 34,2%-дан 34,4%-ға дейін өскен.

— Бүгінде дәрігерлер жұмысының негізгі бағыты — аурудың алдын алу, скринингтік бағдарламаларды кеңейту және дертті ерте кезеңде анықтау. Өңірде халықпен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Профилактикалық шаралардың маңызды бөлігі — ашық есік күндері. Жылдың алғашқы үш айында облыста осындай 3 іс-шара өткізіліп, соның аясында 2 850 адам тексеруден өтті, — деді ол.

Нәтижесінде 17 тұрғыннан қатерлі ісікке күдік анықталса, тағы 101 науқаста обырға дейінгі жағдайлар тіркелді. Барлық азамат мамандардың кеңес алып, қосымша тексерулерге жіберілді.
Онкологтордың айтуынша, ауру неғұрлым ерте анықталса, толық сауығып кету мүмкіндігі соғұрлым жоғары.

Новые статьи

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...