Өскеменде полицейлер жолда қалған 500-ден астам автокөлікті алып жүрді

Кеше таңертең өңірде жаңбыр жауып, артынан қарға ұласты. Ауа температурасы төмендеген соң жолды көктайғақ басты. Қауіпсіздік мақсатында Өскемен қаласынан барлық бағытқа шығатын жолдар уақытша жабылды.

Республикалық маңызы бар көлік жолдарын тазалау және құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстарына 100-ден астам техника мен 120-дан астам маман жұмылдырылды.

— Көктайғаққа байланысты көлік қозғалысын уақытша шектеуге тура келді. Күні бойы жол жамылғысын тазалау және өңдеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Кешке қарай барлық бағыт бойынша қозғалыс қалпына келтірілді, — дейді «ҚАЖсервис» ЖШС ШҚО филиалының бас инженері Шыңғыс Заитов.

Кешке қозғалыс қайта ашылған соң, жол қызметі мен патрульдік полицейлер күрделі учаскелерде автокөліктерді алып жүрді.

Көліктер Алматы, Шемонаиха, Алтай, Риддер және Семей бағыттарына қарай шықты. Жалпы саны 500-ден астам автокөліктің қауіпсіз өтуі қамтамасыз етілді. Оның ішінде ең көбі — 160 көлік Шемонаиха және Ресей шекарасы бағытына қарай жол тартты.

Новые статьи

Гимнастки из Усть-Каменогорска вошли в число лучших на чемпионате Азии

Команда Space из Усть-Каменогорска достойно представила Восточно-Казахстанскую область на Кубке мира и чемпионате Азии по эстетической групповой гимнастике. Крупный международный турнир проходит в Астане...

Өскемендік гимнаст қыздар Азия чемпионатында үздіктер қатарына енді

Өскемен қаласының Space командасы 13-14 маусым күндері Астанада өтіп жатқан эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем кубогы мен Азия чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғады. «Жасөспірімдер»...

Казахстан, Firebird и NVIDIA подписали соглашения по ИИ на $10 миллиардов

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с вице-президентом NVIDIA Ревом Лебаредяном и сооснователями Firebird – генеральным директором Размиком Овакимяном и Александром Есаяном. Главной...

Казахстану предложили стать приоритетным партнером Всемирного банка по цифровизации и ИИ

Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов провел встречу с вице-президентом по цифровым технологиям и искусственному интеллекту Всемирного банка Сангбу Кимом. Стороны обсудили дальнейшее сотрудничество в сфере...