back to top

ШҚО делегациясы Барнаулдағы ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын кәсіпорын жұмысымен танысты

Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Ресейдің Алтай өлкесінде жұмыс сапарымен жүр. Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов бастаған ресми делегация құрамында ШҚО мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков пен бірқатар басқарма басшылары мен сала мамандары бар.

Сапар Барнаул қаласындағы ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын жетекші кәсіпорындардың бірі, инновациялық агроөнеркәсіптік жабдық өндіруші «Комплекс Агро» компаниясына барудан басталды. Кәсіпорынның бас директоры Дмитрий Беляев өндіріс процесімен, кәсіпорынды дамыту жоспарларымен және шығарылатын техника мен жабдық түрлерін кеңейту бағыттарымен таныстырды.

Делегация компанияның өндірістік желісіндегі бірқатар техникалармен танысты. Атап айтқанда, «АлтайДиск 12001» егіс кешені, «Алтай-27» астық кептіргіші, ликвилайзер және культиватор көрсетілді. Қонақтарға агрегаттарды өндіру және құрастыру барысы, бөлшектер дайындалатын заманауи станоктар таныстырылды.

Бүгінде компания бес өндірістік алаңды дамытып келеді. 2025 жылы жалпы аумағы 11 мың шаршы метр болатын жаңа өндірістік цех іске қосылған. Бұл «АлтайДиск» егіс кешендерінің өндірісін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

Былтыр мұнда 1600-ден астам техника өндіріліп, соңғы бес жылда өндіріс көлемі екі есеге жуық ұлғайтылған.

Новые статьи

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен жауап берді. – Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру...

В аэропорту Усть-Каменогорска встретили участников зимней Олимпиады-2026

Сегодня, 18 февраля, в международном аэропорту Усть-Каменогорска состоялась торжественная встреча членов национальной сборной Республики Казахстан по фристайлу. Лидеры команды Павел Колмаков и Анастасия Городко...

Как отдохнут казахстанцы в марте 2026 года

В первый месяц весны казахстанцы отмечают два государственных праздника: 8 марта - Международный женский день; 21 - 23 марта - Наурыз мейрамы. Отдыхать казахстанцы на...

МЧС Казахстана предупреждает о лавинной опасности в горах

«Казселезащита» МЧС осуществляют постоянный мониторинг лавиноопасных территорий, проведено 255 наземных обследований. В районах возможного схода снежных лавин установлено 110 предупреждающих знаков. По результатам наблюдений...