«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Көктемнің келуімен ақпан айындағы аяз біршама бәсеңдейді. Синоптиктердің мәліметінше, түнгі ауа температурасы -19–24°С-тан -3–8°С-қа дейін жоғарылайды. Ал күндіз -7–12°С-тан +2–7°С-қа дейін жылынады деп күтіледі.
Алайда екінші онкүндіктің басында ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін: түнде -19–24°С-қа, күндіз -7–12°С-қа дейін суытады. Жалпы, наурыз айында ақпандағыдай ауа температурасы құбылып тұруы ықтимал. Себебі бұл суықтан кейін күн қайта жылынады: күндіз ауа температурасы 5–10°С жылыны көрсетсе, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде +13°С-қа дейін жетуі мүмкін.
Үшінші онкүндікте де температура құбылып тұрады. Түнде 0 мен -5°С пен -8-13°С аралығында болса, күндіз +5–10°С-тан -3 – +2°С-қа дейін құбылады. Өңірдің шығыс бөлігінде түнгі температура -20°С-тан төмен түсуі ықтимал.
Ай бойы жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп күтіледі. Сондай-ақ жиі секундына 15–20 метрге дейін жететін екпінді жел соғады.
