back to top

ШҚО-дағы этномәдени бірлестіктер мен жастар жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында «Біз — жаңа халықтық Конституция үшін» атты республикалық жастар форумы өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов пен еліміздің әр түкпірінен келген Жас белсенділер мектебінің мүшелері қатысты.

— Өңіріміз 17 аймақтың жастарын біріктірген маңызды диалог алаңына, жаңа бастамалар мен мазмұнды пікір алмасулардың орталығына айналып отыр. Бұл жерде тың идеялар туындап, жас буынның азаматтық ұстанымы қалыптасып, ел дамуына бағытталған нақты ұсыныстар айтылады деп сенемін. Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа Ата Заңда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені нақты бекітілген!, — деді облыс әкімі.

Сөз соңында Нұрымбет Сақтағанов елдің даму жолында жастардың рөлі ерекше екенін атап өтіп, республикалық жас белсенділер мектебінің жұмысына сәттілік тіледі.

Одан соң жиналғандар өз баяндамаларын ұсынып, Конституциядағы өзгерістердің маңыздылығына тоқтады. Қатысушылар жаңа Ата Заң жобасын толықтай қолдайтындықтарын білдірді.

Новые статьи

Нурымбет Сактаганов поручил готовиться к худшему сценарию паводка в Восточном Казахстане

В Восточно-Казахстанской области усиливают подготовку к весеннему паводку. На совещании под председательством акима региона Нурымбета Сактаганова рассмотрели текущую ситуацию и готовность служб к возможному...
00:00:40

Вертолет МЧС РК был задействован для транспортировки пациента в Восточном Казахстане

Вертолет МЧС РК был задействован для транспортировки пациента из района Самар в Усть-Каменогорск. Пилоты Казавиаспас МЧС РК Сергей Пинигин, Леонид Каликанов, Айдар Мамырханов оперативно...

Өскеменде жыл соңына дейін волейбол орталығы салынады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласында волейбол орталығының құрылысы басталған жер учаскесіне барды. Екіқабатты орталықта 2 волейбол залы болады. Оның бірі...

Нурымбет Сактаганов: «С теми, кто путает свой карман с интересами государства, разговор короткий»

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов жёстко высказался о коррупции, отвечая на вопрос журналистов о последних громких задержаниях. Глава региона дал понять, что в вопросах служебной...