back to top

Өскеменде халықты бұралқы иттерден қорғау үшін арнайы қор құрылуы мүмкін

Өскемен қаласында қоғам белсенділері тұрғындарды иесіз иттерден қорғау мақсатында арнайы қор құруды ұсынды.

Олар шағын аудандарда иесіз жануарлар санының күрт артқанын атап өтті. Ал заң шеңберінде қолданылып жатқан шаралар мәселені толық шеше алмай отыр.

— Аулалар мен көшелердегі иттердің көбеюі балалар мен ересектерді үрейлендіреді. Біз басқа да зооқорғаушылармен бірігіп, жүйелі түрде жұмыс істеу үшін қор құруды жөн көрдік. Бұл жануарларды аулау, зарарсыздандыру, чиптеу және олар паналайтын орындардың жұмысын бақылау үшін қажет, — дейді қала тұрғыны Сәуле Урустимова.

Қоғам белсенділері бұл бастама жануарларды жаппай жоюды көздемейтінін, керісінше, популяцияны өркениетті жолмен реттеп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізді. Ол үшін жануарларды ашық есепке алу жүйесін енгізіп, билік пен ветеринариялық қызметтермен тиімді өзара іс-қимыл орнату ұсынылған

ШҚО ветеринария басқармасы мәселенің өзектілігін растады. 2025 жылы өңірде жануарларды аулау мен зарарсыздандыруға 36 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Алайда бұл қаржы небәрі 600 жануарды ғана қамтуға мүмкіндік берген.

— Үй жануарларын күтіп-ұстау жауапкершілігі олардың иелеріне жүктеледі. Ал учаскелік және аудандық орталықтар иесіз жануарлар санын бақылауға көмектесуі тиіс. Атуды қолдану тек жануар агрессивті болып, адам өміріне нақты қауіп төндірген жағдайда ғана жүзеге асырылады, — деді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Ерлік Ордабаев.

Қазіргі таңда Өскеменде қаңғырған иттерге арналған тоғыз панажай жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі еріктілердің қайырымдылық қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Новые статьи

Порядок учета застрахованных лиц в системе ОСМС планируют уточнить

В законодательство об ОСМС ранее была введена норма, согласно которой государство оплачивает взносы на ОСМС за неработающих граждан, находящихся в кризисной или экстренной жизненной...

В Казахстане не проводится изъятие и уничтожение скота — распространяемые в сети видео не относятся к стране

В социальных сетях распространяются видеоматериалы, на которых якобы запечатлены случаи изъятия и уничтожения крупного рогатого скота. В уполномоченных органах официально заявили: эти кадры не...

Национальная волонтерская сеть призвала казахстанцев поддержать проект новой Конституции

Национальная волонтерская сеть провела круглый стол, посвященный обсуждению проекта новой Конституции Республики Казахстан. В мероприятии приняли участие депутаты Парламента РК, члены Комиссии по конституционной реформе,...

В Усть-Каменогорске автомобиль сбил пешехода на тротуаре

ЧП произошло утром на улице Казахстан в районе Центрального рынка. Водитель автомобиля Geely, двигаясь со стороны улицы Мызы, на перекрёстке улиц К. Батыра и Казахстан...