Өскемен мен Зайсан қалалары арасындағы әуе рейсі қайта іске қосылады

Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен мен Зайсан қалалары арасындағы әуе қатынасы мемлекеттік субсидиялау конкурстары аяқталғаннан кейін қайта жанданады.

Әлеуметтік маңызы бар бағытқа 2026 жылға арналған бюджеттен қаржы қайта бөлінді. Соның нәтижесінде рейс әуе қатынасы кестесіне енгізілді.

Билет құны барып-қайтуға 34 мың теңгені құрайды. Аталған тарифке салмағы 20 келіге дейінгі жүк тасымалы кіреді.

Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, әуе тасымалдаушысын анықтау бойынша конкурс рәсімдері толық аяқталған.

— Биыл Өскемен-Зайсан бағытына субсидия бөлу қарастырылған. Конкурстар өткізіліп, тасымалдаушы анықталды. Бұл рейстерді қайта жандандыруға және әуе билеттерінің бағасын қолжетімді қылуға мүмкіндік беріп отыр, — деп хабарлады басқармадан.

Новые статьи

В Шемонаихе прошел фестиваль UBA OpenFest

В Шемонаихе состоялся музыкально-арт-фестиваль UBA OpenFest. Мероприятие прошло на берегу реки Уба и объединило жителей и гостей района. Одной из центральных частей фестиваля стала White...

Массовые отключения электроэнергии произошли сразу в нескольких странах Центральной Азии

14 августа перебои с электроснабжением одновременно зафиксировали в Казахстане, Кыргызстане, Таджикистане и Узбекистане. В ряде регионов отключения оказались связаны с нарушениями в энергосистеме Центральной...

В ВКО отметили спортсменов и тренеров, прославивших регион

В Восточно-Казахстанской области ко Дню спорта наградили известных спортсменов, тренеров и ветеранов отрасли. Среди отмеченных – чемпионы мира и Азии, участники Олимпийских игр, а...

На озере Маркаколь появился новый пирс

В Маркакольском районе на озере Маркаколь обустроили новый плавучий пирс. Объект уже стал дополнительной точкой притяжения для жителей и гостей района. Пирс позволяет отдыхающим ближе...