ШҚО өнеркәсіп пен инвестицияны күшейтуде

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

2025 жылы Шығыс Қазақстан экономикасы тұрақты оң динамиканы көрсетуде. Жедел мәліметтер бойынша, өнеркәсіп өндірісінің өсімі 129%, инвестициялар 117%, құрылыс жұмыстарының көлемі 116%, ал ауыл шаруашылығы 115% болды. Өңірдің меншікті кірістері 113% артсып, 195 млрд теңгені құрады.

Өңірде жыл ішінде 23 мың жұмыс орны құрылды, оның 17 мыңы – тұрақты. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,6% деңгейінде сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Жыл қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 5,5 трлн теңгеден асады деп болжануда, өсім – 102%. Бұл нәтижелер өңір экономикасын одан әрі дамытуға негіз қалыптастырады.

Бүгінде облыста жаңа инвестициялық жобалар қалыптасуда. Тізімде жалпы сомасы 1 трлн теңгеден асатын 81 жоба бар, оның 64-і белсенді іске асырылу кезеңінде. Биыл құны 55 млрд теңге болатын 15 жоба іске қосылады, нәтижесінде 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Қыркүйекте өткен «Altai Invest» форумы инвестициялық белсенділікке айтарлықтай серпін берді. Шараға 10 елден 300-ден астам қатысушы жиналды. Форум нәтижесінде 740 млрд теңгеге 40 меморандум жасалды. Бұл өңірдің елдегі жетекші инвестициялық алаңдардың бірі екенін дәлелдеді.

Ерекше назар тау-кен металлургия кешенін дамытуға бағытталуда. Жоспарда Ново-Лениногор, Долинное, Чекмарь және басқа да келешегі зор учаскелерді игеру бар. Жақын уақытта Тарбағатай ауданында тау-кен байыту комбинатын, ал Ұлан ауданында «Alatau Lithium» және Krída Corporation кәсіпорындарын салу жобалары басталады.

Сонымен қатар, өңірде техногендік әдіспен шикізат өндіру дамып келеді. Бұл бұрын қолжетімсіз болған қорларды айналымға енгізуге және ескі қалдық сақтау қоймаларынан бағалы металдарды өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан атом энергетикасы үшін отын жеткізушілердің алдыңғы қатардағы ұстанымын нығайтуда: «Ульба-ТВС» кәсіпорны отын жинақтарын өндіру бойынша жобалық қуатқа жетті.

 

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...