ШҚО-да отбасылық зорлық-зомбылық 27 пайызға артты

Шығыс Қазақстан облысында отбасылық зорлық-зомбылық фактілері көбейіп кетті.

Жыл басынан бері өңірде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 146 қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға өсіп отыр.

— Қазір тәртіп сақшылары өңір аумағында «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасын жүргізіп, бақылауды күшейтіп жатыр. Соның барысында Өскеменде 9 жасар қыздың ішкілікке салынған ата-анасымен бірге қолайсыз жағдайда тұрғаны анықталды. Бала автожуу ғимаратының екінші қабатында тіркеусіз және адам тұруға жарамайтын бөлмеде ересектердің қарауында болған. Полиция қызметкерлері ата-анасын жауапқа тартып, арнайы есепке қойды. Қыз уақытша бейімдеу орталығына жіберіліп, онда мамандардың қажетті қолдауын алып жатыр, — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінен.

Жалпы облыста зардап шеккен жандарды қолдау үшін 65 төсек-орындық 4 дағдарыс орталығы және 2 Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Өткен айларда бұл жерлерге 2 900-ден астам азамат жүгініп, 89 әйел мен 50 балаға баспана берілген.

Новые статьи

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...