в

Өскеменде көшедегілерге қауіп төндірген мас ер адам ұсталды

Источник фото: МВД РК

Оқиға өткен аптада Михаэлис көшесінің маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам өзін агрессивті ұстап, өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасап, сөзбен қорқытқан.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 37 жастағы мас азаматты ұстады. Тексеру барысында одан ешқандай қауіпті немесе тыйым салынған зат табылмаған.

— Құқықбұзушы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Есірткі қолдану белгілері анықталған жоқ. Полицияға зардап шеккендерден немесе мүліктің бүлінуі туралы арыз түспеді. Ер адамға қатысты бұзақылық және қоғамдық орында мас күйінде жүру фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

В Казахстане запускают новую систему госзаказа для частных школ

В Казахстане утвержден национальный стандарт по очистке и повторному использованию сточных вод на тепловых электростанциях