ШҚО мектептерінде оқушылар қай кезден бастап жаңа мәзірмен тамақтанады?

Ел өңірлерінің мектептерінде жаңа стандарт бойынша ас мәзірі әлдеқашан енгізілсе, Шығыс Қазақстанда жағдай әлі өзгеріссіз. Соның салдарынан кәсіпкерлер шығынға батып жатыр. Бұл мәселе таяуда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровтың ШҚО және Абай облысы кәсіпкерлерімен өткен кездесуінде талқыға салынған болатын. Соның барысында бизнес өкілдері өңірдегі ерекшеліктер мен маусымдық өнімдерді ескеру үшін өзара алмастырылатын азық-түлік тізімін кеңейтуді ұсынды.

Осы ретте, білім ордаларындағы оқушылар қай кезден бастап жаңа мәзірмен тамақтанатындығы туралы сауалға ШҚО Білім басқармасынан жауап берді.

— Мәзірді бекіту — Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретінде. Өйткені мектептегі ас мәзірін жаңарту мен тамақтану стандарттарын өзгерту санитариялық нормалар мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығымен бекітілген мәзір бар. Ол мәзірден мектептердегі тамақтануды ұйымдастырушы компаниялар бас тартқандықтан, мәзірге өзгеріс енгізу туралы ұсыныс хат Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіліп, жауап алынды. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармасымен өзгертілген мәзірді бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Барлық өзгеріс бекітілгеннен кейін жаңартылған мәзір мектеп асханаларына енгізілетін болады, — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Новые статьи

Казахстан презентовал потенциал агроэкспорта на форуме в Женеве

В Женеве прошел первый Kazakhstan Commodity Forum – Казахстанский форум по торговле сырьевыми товарами. Мероприятие собрало более 200 участников – руководителей крупнейших трейдинговых домов,...

В «Қазақконцерте» прошел вечер истории танца

В Государственной академической концертной организации «Қазақконцерт» имени Розы Баглановой прошел концерт-лекция ансамбля «GULDER» – «EXPERIENCE №4: Диалог эпох – от паваны до казахского вальса». Проект...

Прокуратура ВКО выявила схемы занижения налогов у застройщиков на 420 миллионов тенге

Прокуратура Восточно-Казахстанской области провела анализ полноты уплаты налогов предприятиями, которые строят многоквартирные жилые дома. Проверяли, как застройщики отражают доходы и насколько честно платят налоги. Анализ...

Судья Конституционного Суда объяснил курсантам МВД, зачем стране конституционная реформа

Судья Конституционного Суда Еркин Онгарбаев выступил с лекцией в Карагандинской академии МВД РК им. Б. Бейсенова. Встречу провели для профессорско-преподавательского состава и курсантов академии. Во...