Семейде жұмысшының қаза болуына байланысты қауіпсіздік ережесін бұзған кәсіпкер мен машинист сотталды

Семей қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта еңбек қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы салдарынан жұмысшының көз жұмуына байланысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты.

Сотта жеке кәсіпкер мен автогидрокөтергіш машинисіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Оларға ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі бойынша (Еңбекті қорғау ережелерін бұзудың адам өліміне әкеліп соғуы) айып тағылған.
Іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға өткен жылдың сәуір айында Семейдегі кәсіпорын аумағында болған. Арнайы оқытудан өткізілмей, тиісті рұқсатсыз жұмысқа тартылған жұмысшы биік жерде еңбек ету кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған.

Тергеу барысында анықталғандай, айыпталушылар қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етпей, біліктілігі мен жеке қорғаныс құралдары жоқ адамды жұмысқа жіберген.

— Сот айыпталушылардың іс-әрекеттерінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс құрамының бар екенін анықтады. Олардың кінәсі толық дәлелденді, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен 2 сотталушыға екі жыл бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда «ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты амнистия туралы» заңға сәйкес, олар қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Бұдан бөлек, сот жәбірленуші тараптың азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, сотталушыларды моральдық зиян ретінде 10 млн теңге төлеуге міндеттеді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...