в

ШҚО-да шақалақ ауруханаға тікұшақпен жеткізілді

«Қазавиақұтқару» РМК экипажы ШҚО Шемонаиха қаласынан санитарлық рейс орындады. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

— Олар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге шұғыл медициналық көмекті қажет еткен жаңа туған сәбиді Өскемен қаласына жеткізді. Әуе кемесінің командирі Сергей Пинигин мен екінші ұшқыш Олег Алфеев тапсырманы сәтті орындап, сәби облыс орталығына аман-есен жеткізілді, — делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтары пациенттерді көлікпен жеткізу көп уақытты қажет ететін шалғай ауылдар мен елді мекен тұрғындарына жедел көмек көрсетуге әрдайым дайын.

Казахстан, Clearbrook и AG-Tech создадут завод по производству систем хранения энергии

CART.IS показал Казахстану, где можно и нужно ускорить цифровизацию торговли