ШҚО-да қараша айы жылы әрі қарлы болады

Шығыс Қазақстан облысында күздің соңғы айы әдеттегіден жылы әрі қарлы болмақ.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, қарашаның алғашқы аптасында солтүстік циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Облыс аумағында жаңбыр мен қар жауады. Ал өңірдің шығысында негізінен қар жауып, боран соғады. Ұқсас ауа райы екінші және үшінші онкүндіктің кей күндерінде де қайталануы мүмкін. Ай бойы қатты жел, көктайғақ және боран жиі байқалады.

— Қарашаның бірінші онкүндігінде республиканың шығысында суық ауа райы сақталады. Күндізгі температура минус 2-6 градус шамасында болады. Онкүндіктің соңына қарай ауа температурасы аздап жоғарылап, нөлден жоғарылайды. Ал айдың екінші онкүндігінде күндіз ауа температурасы +5 пен –8 градус аралығында болады, — делінген ақпаратта.

Жалпы қараша айында еліміздің барлық өңірінде орташа ауа температурасы климаттық нормадан шамамен бір градусқа жоғары болады деп болжанып отыр. Ал Шығыс Қазақстанда жауын-шашын мөлшері көпжылдық көрсеткіштен едәуір көп болуы ықтимал.

Новые статьи

Акция «Народный бухгалтер» помогла 60 тысячам предпринимателей получить бесплатные консультации

В Казахстане подвели итоги республиканской акции «Народный бухгалтер», в рамках которой бесплатную профессиональную помощь получили около 60 тысяч предпринимателей. Акция проходила с 5 января по...

Глава государства провел 38-е пленарное заседание Совета иностранных инвесторов

В своем выступлении Президент Касым-Жомарт Токаев отметил, что Казахстан неизменно сохраняет приверженность курсу устойчивого развития. По его словам, первоочередная задача – своевременно адаптироваться к...

Алакөлде шомылып жүрген анасы суға батып, қызы аман қалды

Үржар ауданындағы Алакөлде шомылып жүрген анасы суға батып, қызын құтқарушылар аман алып қалды. Алакөл демалыс орнын патрульдеп жүрген әскери қызметшілер жағалаудан шамамен 50 метр қашықтықта,...

ШҚО-да суға батып бара жатқан адамды құтқарған оқушылар марапатталды

Шығыс Қазақстан облысында Серебрянск қаласында суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалған №4 орта мектептің мұғалімі мен оқушылары марапатталды. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің...