ШҚО-да дәрігер моральдық залал ретінде пациентіне 3 млн теңге беруге міндеттелді

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне, Үлкен Нарын аудандық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 317-бабы (Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауының абайсызда пациенттің денсаулығына ауыр зиян келтіруі) бойынша іс қаралды.

Белгілі болғандай, иығы ауырсынған әйел адам аудандық ауруханаға жүгінген. Дәрігер оған «иық буынының артрозы» диагнозын қойып, новокаинді блокада егу емін тағайындаған.

Бірнеше екпеден кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, кеуде тұсында ауырсыну, ентігу, тыныс алудың қиындауы байқалды. Дәрігер әуелі «аллергиялық есекжем» деп диагноз қойып, кейін «өзге пневмоторакс» деп анықтап, қабырғааралық дренаж орнатқан.

— Алайда бұл әрекет медициналық тұрғыда дұрыс жасалмаған. Сонымен қатар дәрігер медициналық құжаттаманы рәсімдемей, пациентті стационарға жібермеген. Содан соң ауқас Алтай аудандық орталық ауруханасына жүгініп, оған «массивті сол жақтық травмалық пневмоторакс» диагнозы қойылған. Әйел шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған, — делінген ақпаратта.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, пациенттің денсаулығына ауыр зиян келгені анықталды. Сот барысында жәбірленуші дәрігерден моральдық залал ретінде 10 млн теңге өндіруді сұрады.

— Сот бұл соманы 3 млн теңгеге дейін азайтып, дәрігерді бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Алайда «ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы» заңға сәйкес, сотталушы тағайындалған жазадан босатылды.Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, — делінген хабарламада.

Новые статьи

Квоты на трудоустройство людей с инвалидностью переведут в цифровой формат

С 12 июля в Казахстане изменится порядок установления квот для трудоустройства людей с инвалидностью. Расчет и контроль их исполнения переведут в цифровой формат. Для работодателей...

Количество сельхозкооперативов в Казахстане за год выросло почти на 10 процентов

В Казахстане продолжается рост числа сельскохозяйственных кооперативов. По итогам 2025 года в стране работали 4894 таких объединения, что на 429 больше, чем годом ранее....

С начала года в Казахстане изъяли более семи тонн наркотиков

За первое полугодие 2026 года в Казахстане из незаконного оборота изъяли более семи тонн наркотиков, в том числе свыше 500 килограммов синтетических веществ. Об...

Казахстан и Исламский банк развития расширяют стратегическое партнерство

Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Республики Казахстан Серик Жумангарин провел встречу с Президентом Исламского банка развития доктором Мухаммадом аль-Джассером. Приветствуя главу ИБР, Серик Жумангарин...