ШҚО-да салық төлемегендерді анықтау үшін 110-нан астам рейд жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысында салық төлеуге қатысты бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері Мемлекеттік кірістер департаменті 110-нан астам рейд жүргізіп, тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтаған.

Департамент басшысының орынбасары Қабыш Сайранханның айтуынша, тексеріс барысында бірқатар кәсіпкердің тіркеусіз жұмыс істеп келгені, демалыс аймақтарында тұрғын үйді салық төлемей жалға бергені және кіріс есебін жүргізбегені белгілі болды.

— Біз профилактикалық жұмыстарды және цифрлық мониторингті күшейттік. Осылайша, қаржы айналымын бақылау және табысын жасырып жүргендерді анықтау жолға қойылды. Бұл бизнес ашықтығын арттырып, салық төлеушілердің тәртібін жақсартуға ықпал етті, — деді Қабыш Сайранхан.

Биыл өңірде 108 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Тексеру нәтижесінде кейбір салық төлеушілер өз еркімен берешегін жапқан, қалғандары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Облыс бюджетіне түсетін салық көлемі екі есе артып отыр. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы түсім 336,3 млрд теңгені құрады. Оның 170,3 млрд теңгесі жергілікті бюджетке, 166 млрд теңгесі республикалық бюджетке түскен. Республикалық бюджетке түсім өткен жылмен салыстырғанда алты есеге көбейген, — дейді Қ.Сайранхан.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...