в

ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын жолдағы шектеу алынып тасталды

«КАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, аталған жол учаскесіндегі жөндеу жұмыстары толықтай мәресіне жетті.

— 30 қазан күні сағат 8:00-ден бастап жоспарлы құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуына байланысты республикалық маңызы бар Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары бағытындағы жолдың Қараайрық ауылы мен Рахман қайнары шипажайы аралығындағы учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат етілді, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, көлік жүргізушілері жолдағы шектеулерге қатысты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып ала алады.

В ВКО выросли налоговые поступления и усилился контроль за уплатой налогов

В РК подписан Комплексный план по развитию детей раннего возраста и раннему вмешательству «Сәтті бастау»