Өскеменде жол апаты күрт көбейді

Өскемен қаласында биыл жол апаттарының саны 35 пайызға өскен. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларынан жарақат алғандардың саны да едәуір көбейіп отыр. Бүгінде зардап шеккендер саны мың адамға жуықтаса, былтыр бұл көрсеткіш үш есе аз болған.

Бұған бірнеше фактор әсер етіп отыр. Соның ішінде қолайсыз ауа райы, көше жарығының болмауы және жол инфрақұрылымындағы кемшіліктер бар.

– Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі күз-қыс мезгілдерінде тіркеледі. Жүргізушілер ауа райы жағдайын ескермей, жылдамдықты қауіпсіз шектен асырып жібереді. Жол апаттарының басым көпшілігі қыс мезгілінде болады. Тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де кінәлі болып жатады. Биыл екі адам жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтемін деп қаза болған, – деді қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Саттыбаев.

Жол апатының алдын алу бағытында кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қалада кешкі қарбалас уақытта, әсіресе мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде полиция бақылауы күшейтілген. Сондай-ақ такси жүргізушілері мен жүк тасымалдаушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Новые статьи

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...