Шығыс Қазақстанға келетін шетелдік туристер саны 5%-ға артты

Облыста осы жылдың бірінші жарты жылдығында туризм саласына салынған инвестиция 13 млрд теңгеге жетті. Соның нәтижесінде, туристік ағын 16%-ға, шетелдік келушілер саны 5%-ға көбейді.

— Шығыс Қазақстан – еліміздің ең көрікті аймақтарының бірі және біз оны экономикалық ресурсқа айналдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Өңіріміз үшін бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, инвестиция тартуға және облыстың оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Туризмде төрт кластерді дамытудың стратегиялық әлеуетін көріп отырмыз. Атап айтқанда, Катонқарағайдағы сауықтыру туризмі, Марқакөлдегі экотуризм, Риддердегі шаңғы туризмі, Өскеменде және көршілес Ұлан, Глубокое аудандарындағы демалыс туризмі, — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Бүгінде тау туризмі мен спортшыларды дайындау орталығына айналатын Риддер маңында жыл бойы жұмыс істейтін «Анатау» кешенін салу жоспарланып отыр.

— Туризм саласына қаражат құюға ең алдымен жергілікті бизнес өкілдері қызығушылық білдіруде. Бірақ шетелдік инвесторлармен де, атап айтқанда швейцариялық «Бартолет» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар қазіргі заманғы инфрақұрылым, яғни көлік қолжетімділігі, энергиямен жабдықтау, су ресурстары және байланыс болмай табысты туризмді дамыту мүмкін емес. Осы мәселелерді реттеуге де баса наза аударып отырмыз, — деді аймақ басшысы.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...