Шығыс Қазақстанда сүт өндірісі 13 пайызға артты

Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласында тұрақты өсім байқалып отыр. Нақты айтқанда, сүт өндірісі 13%-ға артып, агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу үлесі 70%-ға жетті. Бұл туралы ШҚО мәслихатының кезекті 24-ші сессиясында есеп берген аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

— Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында 89 млрд теңгеге 21 инвестициялық жоба іске асырылып келеді. 7 жоба биыл іске қосылады. Оның ішінде қуаттылығы жылына 150 мың тоннаны құрайтын «Алтай май» май экстракциялық зауыты бар, — деді облыс әкімі.

Президенттің суды ұтымды пайдалану жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Ұлан, Зайсан және Тарбағатай аудандарында су үнемдейтін технологиялар белсенді түрде қолданылып жатыр. Агрохабтар мен логистикалық орталықтардың дамуына да ерекше назар аударылған.

— Өскеменде сыйымдылығы 45 мың тоннаға жететін заманауи көкөніс қоймалары бар «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы пайдалануға берілді. Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге нарыққа тікелей шығып, тұрғындарға қолжетімді бағамен сапалы өнім ұсынуға мүмкіндік жасап отыр. Сондай-ақ 2026 жылдың ортасына дейін барлық қайтарылған жерлерді айналымға тарту жоспарланған. Қазіргі уақытта 423 мың гектар жердің 97 мыңы игерілді, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...