в

ШҚО-дағы Глубокое ауданы орталығының әкімі сайланады

2 қараша күні Шығыс Қазақстан облысында аудан орталығы мен ауылдық округ әкімінің сайлауы өтеді.

Глубокое ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, сол күні Глубокое кенті мен Секисовка ауылдық округінің әкімдерін сайлау жоспарланған.

Бүгінде Глубокое кенті әкімдігіне үш кандидат тіркелген. Атап айтқанда, Жанна Әбдікәрімова – «Қазақтелеком» АҚ-ның бас маманы, Руслан Асанов – қазіргі әкім, Данияр Мусанов – Глубокое ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Секисовка ауылдық округі әкімдігіне де үш үміткер тіркелді. Олар Елена Власкина – Абай атындағы мәдениет үйінің меңгерушісі, Артём Крушинский – «Кәсіби әскери-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының облыстық филиалының қызметкері, Татьяна Сарычева – Глубокое ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі.

Олжас Бектенов поручил провести работу по своевременному финансированию отраслей АПК в следующем году

МВД: защита семьи — приоритет государства