Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында халықаралық «Шығыс Салбурыны – 2025» фестивалі бастау алды.
Бозанбай ауылындағы Бүркіттөбе баурайында әлемнің және еліміздің әр түкпірінен құсбегілер жиналды. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа Қазақстанның 11 өңірінен және әлемнің 6 елінен қатысушылар келіп отыр. Фестивальде барлығы 90-ға жуық бүркітші өнер көрсетпек.
«Шығыс Салбурыны» фестивалінің бағдарламасында бүркітшілер өнері, тазы иттерінің шеруі, қазақтың әдеп-ғұрыптары мен ұлттық киім көрсетілімі, 20 киіз үйден құралған этноауыл және гала-концерт бар.
Айта кетейік, дүбірлі дода 11 қазанға дейін жалғасады.