в

Өскеменде ертең қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптаспақ

Өскемен қаласында ертең жел соқпайды. Бұл туралы ШҚО Экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

— 6 қазан сағат 20.00-ден бастап 7 қазан сағат 20.00-ге дейін шаһар бойынша екінші деңгейлі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, — делінген ақпаратта.

Осы ретте, ШҚО Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары қала тұрғындарына желсіз күндері далада көп жүрмеу қажеттігін ескертті.

Транзакции через национальные платежные системы выросли на 34%

Жители Усть-Каменогорска жалуются на еле тёплые батареи