Үлкен Нарын ауданында оқушылар мектеп асханасындағы сорпадан құрт тауып алды

Аудан орталығындағы Ленин атындағы орта мектептің оқушылары мектеп асханасындағы сорпа ішінен құрт тауып алған. Бұл туралы мектептегі ата-аналар комитетінің төрағасы Оксана Занина мәлім етті.

— Балалар асханадағы сорпа ішінде жүрген тірі құртты көрген. Бұл бірінші жағдай емес. Бұған бұрын фото дәлел болмаған соң, ештеңе істей алмадық. Ал бүгін балалар суретке түсіріп, ата-аналарына жіберді, — дейді ол.

Оксана Занинаның айтуынша, оқу жылы басталғалы бері мектеп асханасын жалға алушы кәсіпкерге қатысты шағым жиі түсіп келеді. Алайда мектеп әкімшілігі бұл мәселеде әрекетсіздік танытып отыр.

Аудандық білім бөлімі санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жоспардан тыс тексеріс жүргізу туралы ресми хат жолдағанын хабарлады.

— Қазіргі уақытта тексеріс жүргізу мәселесі қаралу кезеңінде тұр. Соның қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес барлық қажетті шаралар қабылданады, — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ мектеп әкімшілігіне қатысты қызметтік тексеріс басталды. Білім ордасының басшылығына тиісті тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.

Новые статьи

101 год Алие Молдагуловой – как девушка из Казахстана стала символом мужества

15 июня исполняется 101 год со дня рождения Героя Советского Союза Алие Молдагуловой. Ее имя давно стало частью истории Великой Отечественной войны и символом...

Alatau City хотят сделать международным транспортным хабом

Казахстан представил транспортно-логистический потенциал Alatau City на международном форуме в Шэньчжэне. О проекте рассказал вице-министр транспорта Талгат Ластаев, который вошел в состав казахстанской делегации...

Казахстан и Швеция обсудили торговлю, Volvo и возможный приход IKEA

Министр торговли и интеграции Республики Казахстан Арман Шаккалиев провел встречу с государственным секретарем по торговле министерства иностранных дел Швеции Дианой Янсе. Стороны обсудили торгово-экономическое...

В Казахстане открыли Центр провинции Цзянсу в Центральной Азии

В Астане прошел Форум по торгово-экономическому сотрудничеству «Китай (провинция Цзянсу) – Казахстан». На одной площадке собрались представители государственных органов и деловых кругов двух стран....