Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Стоп трафик» жедел-алдын алу шарасы қолға алынды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ондағы басты мақсат — адамдарды құлдыққа салудың, шаруа қожалықтарында мәжбүрлеп жұмысқа жегу фактілерін анықтап, жолын кесу», — делінген ақпаратта.
Алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, шаруа қожалықтарында рейд жүргізуді бастап кетті.
Айта кетейік, тексерулер 26 қыркүйекке дейін жалғасады.