ШҚО-да егін жинау жұмыстары толассыз жауған жаңбыр салдарынан уақытша тоқтап тұр

Өңірде кейінгі бір апта бойы ауа райы құбылмалы болып, соған байланысты егін жинау қарқыны бәсеңсіп қалған.

– Жер ылғал болғанда, техника егістікке шыға алмайды. Бірақ күн ашыла салысымен, диқандар босқа кеткен уақыттың қарымтасын өтейді деп сенеміз. Синоптиктердің болжамынша, алдағы аптада ауа райы қолайлы болады, — деді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова.

Оның айтуынша, биылғы егін жинау науқанын өткен жылмен салыстыруға келмейді.

– 2024 жылы өнім мол болды. Ал осы жылғы жағдай қиындау. Бір қуантарлығы, астықтың сапасы жоғары. Әсіресе дәнді дақылдардың өнімділігі жақсы. Қазір орта есеппен гектарынан 24,6 центнерден жиналып жатыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 22,3 центнер болған. Бұл әр алқаптың тиімділігі артқанын көрсетеді, — деді А.Қажыбекова.

Бүгінде облыста 117,8 мың гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналған. Бұл барлық алқаптың жартысына жуығын құрайды.

Аймақтағы негізгі дәнді дақыл – бидай. Биыл ол 162,9 мың гектарға егілді. Қазірдің өзінде 146,3 мың тоннасы жиналды.

Асбұршақтың 97,7% алқабы орылды. Оның өнімділігі де артты. Нақты айтқанда, биыл гектарынан 27,3 центнерден, ал былтыр 17,3 центнер болған.

Көкөніс дақылдарынан пияз бен сәбіздің бестен бірі, картоптың әзірге 10%-ы ғана жиналды.

Новые статьи

«Байтерек» расширяет возможности для отечественного бизнеса в инвестпроектах

АО «Национальный инвестиционный холдинг «Байтерек» расширяет подходы по развитию внутристрановой ценности в крупных инвестиционных проектах, которые финансирует группа компаний холдинга – отечественным производителям хотят...

Студенты из Казахстана первыми в Центральной Азии разработали марсоход

Идея проекта появилась несколько лет назад, когда студентка Назарбаев Университета Егине Агаджанян вместе с единомышленниками решила создать команду по разработке марсохода. Уже спустя несколько...

В ВКО суд защитил права наследницы

В Восточно-Казахстанской области суд рассмотрел спор между гражданкой П. и регистрирующим органом – государственной корпорацией «Правительство для граждан». Женщина оспаривала отказ в государственной регистрации...

В Казахстане разработают проекты для инклюзии

В стране подвели итоги хакатона третьего сезона ITMLab 3.0 – в следующий этап программы прошла 21 команда, которая займется доработкой технологических решений для людей...