Риддер көшелеріне аюдың қайта-қайта кіріп кетуіне байланысты халыққа ескерту жасалды

Қазіргі уақытта Риддерге ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету тобы келді. Олар қала маңындағы орман алқаптарын және елді мекеннің шетін бір апта бойы тексеріп, жағдайды бағаламақ.

— Соңғы уақытта жабайы аңдардың, соның ішінде аюлардың қала ішіне жақындауы жиілеп кетті. Осыған байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр, — деп хабарлады Риддер қаласы әкімдігінен.

Әкімдік тұрғындарды сабыр сақтауға, жалған немесе расталмаған ақпарат таратпауға, ал түз тағысын көрген жағдайда дереу тиісті қызметтерге хабарлауға шақырды.

— Дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ. Жағдай жергілікті атқарушы органдар мен құзырлы қызметтердің тұрақты бақылауына алынған. Жедел әрекет ету тобы мамандарының жұмысы аяқталғаннан кейін жағдайға ресми баға беріліп, одан арғы әрекеттер туралы хабарланады, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...