Семейде үш күн бойы жауған жаңбырдың салдарынан көшелерді су басып, мектептің спортзалы бүлінді

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан көшелер мен аулаларды су басып, тұрғындардың наразылығын туғызды. Халық әлеуметтік желіде фото және видеолар жариялап, коммуналдық қызметтердің әрекетсіздігін сынға алды.

— Глинка көшесінде жол толық су астында қалды. Бір күндік жауынға түсіністікпен қарауға болар еді, бірақ үш күн бойғы жаңбырға ешқандай әрекет жоқ. Мұндай жағдай жыл сайын қайталанады, — деп жазды тұрғындардың бірі.

Семей қаласы әкімдігінен осыған қатысты түсініктеме беріп, көшелерден суды сорғылау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған.

— Жұмыстар тек қала орталығында емес, шеткі аудандарда да жүргізіліп жатыр. Мамандар тұрғындардың өтініші бойынша мекенжайларға барып, қажетті көмекті көрсетуде. Қазіргі уақытта суды сору жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Нөсерлеткен жаңбыр білім саласына да әсерін тигізді. Водный ықшам ауданындағы №34 мектептің шатыры арқылы су өтіп, үш оқу кабинеті, дәліз және спортзал бүлінген.

— Мектепті күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама былтырғы жылдың қыркүйегінде дайындалып, сараптамадан оң қорытынды алған. 2025 жылға бюджет өтінімі берілген, бірақ әлі қаржы бөлінген жоқ. Бүгінде шатыр уақытша бекітілді. Зақымданған кабинеттердің оқушылары екінші ауысымға көшіріліп, мектептің басқа бөлмелерінде оқып жатыр, — деп мәлім етті қалалық білім бөлімінен.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...