ШҚО-да 1 қыркүйектен күзгі әскерге шақыру науқаны басталады

Науқан еліміздің өзге өңірлеріндегі сияқты 31 желтоқсанға дейін созылады. Осы аралықта өңір бойынша шамамен 800 жас әскерге шақырылмақ. Бұл туралы ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жәнібек Сапаров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.
— «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» заңға сәйкес, мерзімді әскери қызметке кейінге қалдыру немесе босатылу себептері жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар шақырылады. Қызмет ету мерзімі — 12 ай. Биыл науқанды ұйымдастыру мақсатында Шығыс Қазақстанда 10 шақыру және медициналық комиссия жұмыс істейді. Облыстан әскерге алынған жігіттер елдің барлық аймақтарына жіберіледі, — деді ол.
Әскери шақыру кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіріліп жатыр.
— Әскерге шақырылушыларға хабарламалар SMS арқылы және eGov порталының жеке кабинеті арқылы жолданады. Медициналық комиссияға келмегені немесе әдейі жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар. Нақты айтқанда, айыппұлдан бастап, бір жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған, — деді Жәнібек Сапаров.
Қорғаныс министрлігі әскери қызметтің тартымдылығын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.Елдің 80-нен астам жоғары оқу орнымен жасалған келісім аясында әскери қызметін абыроймен өткеріп, жақсы нәтиже көрсеткен азаматтар университетке емтихансыз, оқу орнының есебінен қабылданады. Жігіттерді бөлу кезінде олардың білімі, кәсіби дайындығы, денсаулығы, отбасылық жағдайы және жеке қалау ескеріледі.

Новые статьи

Усть-Каменогорск отмечает 306-летие

Сегодня Усть-Каменогорск отмечает 306-й день рождения. В честь Дня города в областном центре проходит праздничная программа, которая с самого утра собирает жителей и гостей...

В Усть-Таловке отметили День шахтера и обогатителя

В Усть-Таловке накануне прошло праздничное мероприятие, посвященное Дню шахтера и обогатителя. Праздник объединил представителей горнодобывающей отрасли, ветеранов труда, молодежь, жителей и гостей Шемонаихинского района. В...

Сегодня в Казахстане отмечают День шахтера

В Восточном Казахстане горняцкий труд давно стал частью истории, характера и промышленной мощи нашего края. Спускаться под землю и работать в сложнейших условиях, добывая богатства...

В Усть-Каменогорске прошел вечер классической музыки «Звездные часы оперетты»

В Усть-Каменогорске прошел музыкальный вечер «Звездные часы оперетты», приуроченный ко Дню города. Концерт объединил классическую музыку, популярные произведения и интерактивы со зрителями. Вход для...