Жаңа оқу жылының басталуы таяп қалды. Соған орай тәртіп сақшылары күн сайын оқушыларды тасымалдайтын мектеп автобустарының техникалық жай-күйіне кешенді тексеріс жүргізді.
— Полицейлер ең алдымен қауіпсіздік белдіктерінің бар-жоғына, есіктер мен терезелердің дұрыстығына, «жолаушы-жүргізуші» байланыс құрылғыларының жарамдылығына, алғашқы медициналық көмек қобдишалары мен өрт сөндіргіштердің толық болуына баса назар аударды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Айта кетейік, өңір бойынша барлығы 127 мектеп автобусы тексеріліп, олардың көмегімен күн сайын 4 500-ден астам оқушы білім ордаларына жеткізіледі.